Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  109


Автор: Қайырды Назырбаев

Таныстардың өсе қалса атағы...

Таныстардың өсе қалса атағы,
Танымайтын секілденген кейпі жанға батады.
Анда-санда шын сырыңды бөлісер,
Достардың да сиреп қалды қатары.
Уақыт, шіркін, өтіп жатыр ұрланып,
Аспан жүзі ашылмайды сұрланып.
«Қашан келсең орын даяр, отыр» деп,
Біздің кеме жағалауға тұр барып.
Жалықтырып бірсыдырғы сұр өмір,
Үнсіз-түнсіз өтіп жатыр бұл өмір.
Өткен-кеткен бір күнгідей болмасын,
Деп тұрғандай, білмесеңдер, біле біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу