Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.06.2022
116
Өзін де, өзгені де қоса алдайтын...
Өзін де, өзгені де қоса алдайтын,
Бетте шіркеу, жүзін де аша алмайтын.
Мен күлемін бейшара кей жандарға,
Дұрыс сәлем беруге бата алмайтын.
Күбіжіктеп тұрады кетіп маза,
Өйткені емес оның ары таза.
Жұртқа түзу қарауға беті жоққа,
Бұдан өткен болмайды әділ жаза.
Арамзалар қоя алмай арамдығын,
Қолдан келсе жасайды жамандығын.
Түлкі бұлаң тірлігін кәсіп қылған,
Сондайларға жағып тұр заман бүгін.
Қулық сауған қу тірлік көпке бармас,
Жағымпаздың артында жақсы іс қалмас.
Басынан – күн, қолынан – күш тайғанда,
Күнің сонда не болар, қайран қандас.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter