Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  228


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЖАУДЫ ЖЕҢБЕЙ БАСЫЛМАН

Қызыл ерім қорғаған
Еліме бақыт орнаған.
Гитлер деген сұмырай
Шапты қанға тоймаған.
Қан құмарды жоюға,
Қылышпен басын қиюға.
Батырлар қару қайраған
Алыстан тоят тілеген.
Қырандай көзі жайнаған,
Күркіреген күндей боп,
Төбесінен дұшпанның
Нажағайдай ойнаған!
Жанталасқан дұшпанға
Қарсы қару ұстауға,
Ыза кернеп бойымды
Менің де қаным қайнаған.
***
Көктен түскен жасылдай,
Дабыл қаққан лашындай.
Түйілсем тас жарғандай,
Тұяғын жауға шаншыды-ай.
Сұңқардайын самғап ұшқанда,
Жау қарасын қашырғам.
Арандары ашылған,
Айуанға өмір бас ұрман,
Жауды жеңбей басылман!
Майданға ерлер соғысты,
Халқымның күші тоғысты.


Екпіні теңіз тасқындай,
Сарқырап кеп қосылған
Тоқсан тоғыз арнадан.
Ашуы жауға басылмай,
Сөзі жайдың тасындай,
Төкті ақын Шашубай
Ерлерге жырын арнаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу