Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  160


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

КӨСЕМ ТУРАЛЫ ЖЫР

Көп жасап көпті көрдім, көпті білдім,
Қырандай көлбей ұшып көкті көрдім.
Гүлденген заманаға кез болған соң,
Жырыма қостым атын ұлы Лениннің.
Жасым бар жетпіс бесте, жылым барыс,
Аузым бай дегенде алты қарыс.
Жасымнан қас қылғанға қас болдым да,
Бермедім адамшылық, қолдан намыс.
Талмадым, арымадым, шаршамадым,
Қайғысын арқаладым барша жанның.
Жеттім кеп сау саламат бұл заманға,
Табылды арман етіп аңсағаным.
Мен таптым қуанышты бақыт елін,
Құлпырған бүгін далам, туған жерім,
Бақытты өмір берген бізге Ленин,
Көсемім асқан дана, асқар белім.
Алдыңда, Ленин туы, ән шырқатсам,
Армансыз болар ем бір көріп қайтсам.
Ішінде Кремльдің ән шалқытып,
Құбылып он екі взвод гармонь тартсам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу