Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  92


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

CЫРЛЫ ҚАЙЫҢ

(Әні бар)
Басыма жарасады жекей тымақ,
Таусылмас тастан аққан мен бір бұлақ.
Сегіз пұт, сексен қадақ бұл әнімді,
Салуы басқа ақынның қиынырақ.
Бүлкілдеп сөйлей бергін, шіркін көмей,
Қырсық шалмай, болмайды жігіт кедей.
Мен Шашубай болғаным бүгін емес,
Біледі Сібір жұрты, Омбы, Семей.
Сайрай бер тоты құстай, қызыл тілім,
Сөзімнің, сынаңыздар, болса мінін.
Қартайып, тағдыр жетіп дем біткенде,
Жарқ етіп жанып тұрған сөнер күнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу