Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  105


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЕРКЕБАЙҒА

Еркебай, бай болдың сен мал жимаған,
Тәкаппар төремін деп шалжимаған.
Үлкенге, кішіге де сынық мінез
Мақтанып асып-тасып далдимаған.
Еркебай, туып-өскен жерің Қордай,
Атағың шыға келді туған айдай.
Әдейі көрейін деп келдім аңсап,
Баласы Қошқарбайдың мен Шашубай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу