Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
132
АҚ ҚАЙЫҢ
(Мен Кіммін)
Қошқарбай - әкем аты, Шашубаймын,
Үйде кедей болғанмен, түзде баймын.
Күніне мыңды беріп, жүзді алсам да,
Қалтамның түбі тесік, байымаймын.
Қошқарбай - әкем аты, Шашубаймын,
Бай десе, көктен түскен жасындаймын.
Өнермен байдың малын тартып жедім,
Сырымды ішімдегі жасырмаймын.
Қошқарбай - әкем аты, Шашубаймын,
Малға кедей болсам да, тілге баймын.
Тартсам да тақсіретін кедейліктің,
Байларға малы бар деп бас ұрмаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter