Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  318


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

САРЫАРҚА

(ІV нұсқасы)
Орындаған Әлжаппар Әбдіхалықов.
Нотаға түсірген: Базаралы Мүптекеев.
Жүруші ем Сарыарқаны қоныс етіп,
Адасып, қиыр қонып, теріс кетіп.
Күнде той, күнде думан,
қайран елім, барады-ай,
Ыстық исі сана түтіп, елім-ай.
Сарыарқа, қайран жерім-ай,
Ит жүгіртіп, құс салған.
Айдын да шалқар көлім-ай.
Сарыарқа, сағындым ғой туған елді,
Сырым еді, кіндік кесіп туған жерді.
Ойласам, екі көзден жас келеді-ау,
Асыр сап көбелегін қуған жерді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу