Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  196


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

Дариға, өзімді-өзім шамаладым...

Дариға, өзімді-өзім шамаладым,
Бір жанды жан ашитын таба алмадым.
Зорлығын мұндай естек көргеннен соң,
Туысқан, жеріме де қарамадым.
Еңбегім текке кетті жалғыз болып,
Бір жанға алпыс орыс санамадым.
Ат аяқтан ақсайды деген сөз бар,
Екі ағам артта қалды сол арманым.
Тағдырдың айдауымен кетіп барам,
Көрмеген әрбір жерді араладым...
Өтем деп Жиделібайсын ұран қылып,
Төрт жылдай Сыр бойында паналадым.
Кеткен соң өзімді өзім жер аударып,
Отыр ғой мұндар естек көңілі өсіп...
Патшаның мылтығынан қорқып кеттім,
Болмаса алар едім басын кесіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу