Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  240


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

Талай көрдім қызығын қуат-күштің...

Талай көрдім қызығын қуат-күштің,
Есебі жоқ басымнан өткен істің.
Кірін жуып, кіндікті кескен жерім,
Талай жерде көзімнен бір-бір ұштың.



Неше жерден іштегі, түйін, шешіл,
Екі қарым жазылып, аяқ, көсіл.
Жатсам-тұрсам ойымнан бір кетпейсің,
Суың – бал, шөбің – шипа, қайран Есіл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу