Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  246


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

Ауылым Ақмоланың саласында...

Ауылым Ақмоланың саласында,
Ақмола екі дуан арасында.
Жүз жылқы, сексен тайлақ берген жарым,
Жаудырап екі көзің қаласың да.
Ауылым ерте көшіп Жамбай қонды,
Білгенге Иманжүсіп қандай болды?!
Қоңырсиды деп ішпеуші ем қойдың сүтін,
Түрменің қара наны балдай болды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу