Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
116
НҰРХАН
Нұрекем, сені айтқанда еңіредік,
Ажалға жан емес ең жеңілерлік.
Торғайда өзің басқан әр топырақ
Әманда жатады екен тебіреніп.
Әуелден адам едің арыны ағын,
Әу десең дем беретін әруағың.
Кім білген тынбай соққан жырлы жүрек
Шабыттан жалын атып жарыларын?!
От өлең сыйған қалай өр кеудеге,
Көз салмай жортқанға да, желгенге де.
О баста тұлпар болып туған ақын
Тұлпар боп өледі екен өлгенде де.
Ақынды өледі деп кім ойлаған,
Онан да жырын жатта, мұңайма, адам!
Нұрханның өлеңдерін айтып бер деп,
Өтініп әркімдерден сұрайды анам.
Сен едің ақын жырау жыр-әні көп,
Халықтың өле-өлгенше құмары боп,
Қалдың сен әдебиет әлемінде
Торғайдың жалқы біткен шынары боп!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter