Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  126


Автор: Серік Тұрғынбеков

ТАУЛАР

Секілді осы арада
Барлық тау, барлық орман.
Астау көл, асау арна
Асқан жер Талдықорған.
Өзге емес, өз балаңдай,
Былдырлар бұлақ осы...
Шабытты қозғағандай
Шаған мен Лабасы.
Ергендей нар түйенің
Соңынан боталары.
Сан жайнап, сан түледің,
Жоңғар тау жоталары.
Тұрады сан атаудан,
Есімін халық қойған.
Бөлініп Алатаудан
Аңдаусыз қалып қойған.
Таулар бар бұл өлкеде
Талғардың шыңдарындай.
Ұқсайды бір еркеме
Қол бұлғап тұрғанындай.
Желкілдеп баулар белде,
Еркіндеп сыр ақтарар.
Әрине, тау бар жерде
Әрдайым бұлақ болар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу