Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  172


Автор: Серік Тұрғынбеков

ҚАРҚАРАЛЫ

Қарағайлы қара орман Қарқаралым,
Бәрі қызық, бәрі арман – шартарабың.
Қия шыңын шыққанда
Кешірмесін,
Тайып кетсе егер де сәл табаным.
Өмір сүру өзіңде мұрат маған,
Сенің мәңгі төсіңнен тұрақ табам.
Құлпырасың қыста да ақ тотыдай,
Көрген емен кезіңді гүл атпаған.
Сенен ғана табады ел бірлікті,
Татып тәтті жемісін жердің құтты.
Аяқтағы тап-таза
Құйған астай,
Адал сақтап келесің мөлдірлікті.
Қызың құтты қашаннан,
Ұлың мықты!
Табиғаттың өзі де тіліңді ұқты.
Адамзаттың ақ пейіл тілегіндей,
Адал сақтап келесің сұлулықты.
Қарқаралы!
Қарқара тауым менің,
Сені ойласам тынбайды дауыл көңілім.
Сағынышымды сейілте алмаспын мен
Сәске түсте
Сәуледей сәуірдегі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу