Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
136
Қар жауды да...
Қар жауды да,
Қыс болды бір-ақ күнде.
Жаз дегенің жоғалды жырақ мүлде.
Көктемнің де төбесін көрсетпеді,
Ғашық едім әуелден бұлақ, гүлге.
Табиғат та секілді қыз мінезі,
Мезі қылмай мезгілдің ізгі кезі...
Көзден бұлбұл ұшады
Енді бүгін
Кеше ғана жайнаған күздің өзі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter