Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
128
Ауырсам, мен ауырайын...
Ауырсам, мен ауырайын,
Аяулым-ау, сен ауырма!
Сездіретін ауа райын,
Ғажап сыр бар жанарыңда.
Қайғырсам, мен қайғырайын,
Қалаулым-ау, сен қайғырма!
Жоламасын мәңгі уайым
Болашақтың таңдарында.
Күрсінсем, мен күрсінейін,
Құрметтім-ау, сен күрсінбе!
Күзгі аспандай күркірейін
Найзағайлы сол бір түнде.
Мұңайсам, мен мұңаяйын,
Махаббатым, сен мұңайма!
Қалай сені кіналайын,
Бет бұрайын, енді қайда?
Жыласам мен жылайыншы,
Жарығым-ау, сен жылама!
Тәңіріден сұрайыншы,
Таныдым деп енді ғана...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter