Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  103


Автор: Серік Тұрғынбеков

ЖАЛҒЫЗ АУЫЗ СӨЗ

Бәрін бірдей көру мүмкін көзбенен,
Бәрін бірдей сезеді ғой өз денең.
Бар әлемнің жүрегінің тынысын
Айтып берсем жалғыз ауыз сөзбенен.
Қай құдірет мені алға мезгеген,
Бақытымды сұрамас ем өзгеден.
Ғашық болсам күйіп-жанып бір қызға,
Айтар едім жалғыз ауыз сөзбенен.
Нысанам бар әуел бастан көздеген,
Тентек болсаң, түзетермін тезбенен.
Жалғандағы қанқұмарлар бас қойса,
Тоқтатар ем жалғыз ауыз сөзбенен.
Жерім де жоқ менің барып кезбеген,
Сүйе білген елің болса, ез демен.
Өмірдегі қайғылы мен мұңдының
Жырын жазсам жалғыз ауыз сөзбенен.
Кең дүние кетсе кейде тар болып,
Көтергің де келеді оны нар болып.
Жер бетінен жоғаларсың бір күні
Жалғыз ауыз сөз айтуға зар болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу