Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
103
Көкте бұлттар жортқанда
Көкте бұлттар жортқанда
Жауады деп қорықпаңдар.
Бәрін болжап білетін
Көкіректі қарттар бар.
Сапасы жоқ, саны бар,
Тірліктің не мәні бар?!
Қабағынан қарттардың
Тағдырыңды танып ал.
Аптығыңды төзімге арт,
Шаттығыңды сезімге арт.
Егер қарттар болмаса,
Болар едің өзің қарт.
Аттар болсаң бір адым,
Болсын мекен, тұрағың.
Адастың ба,
Жолыңды
Тек қарттардан сұрағын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter