Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
121

КӨКТЕМ САЛҚЫНЫ
Өзгеріп әз өлкенің түсі неше,
Алмады ағынына қыс ілесе.
Иіскеп боз көдені баран айғыр,
Дауысы жер жарғандай кісінесе.
Дүние сол дауыстан сергігендей,
Желпініп, жандануын жел білердей.
Жылыстап келіп қалған аққу-қаздар
Дұрыстап қона алмайды көлді көрмей.
Жасарып кәрі тамыр әл кіргенде,
Бас алып бар бастаудан қан жүргенде.
Жарылып кетпей көктем қалай жатыр,
Қадірін адам түгіл, аң білгенде?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇