Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  175


Автор: Мерғали Ыбыраев

Табиғатты тыңдасаң...

Ыңыранып теңіз тулайды,
Ымырттай сұсты түспенен.
Орманда құстар шуладйы,
Бұтақтан әлі түспеген.
Бұлақтар былдыр қағады,
Дыбыс бар жапырақ тілінде.
Боз жусан жапқан даланы,
Бозторғай жырлар күніңде.
Жарыса сөйлеп, жоқ бірақ –
Бір-бірін әмсе тыңдасу.
Дауылпаз күйін қаққылап,
Даланың үсті у да шу.
Бәрібір, қанша керемет,
Бұлбұлдар әнін толғаса.
Табиғат тілсіз қалар еді,
Адамның үні болмаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу