Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
146

Көзімде сенің суретің
Бұл менің құпия сырым,бала сырым,
Бүгіп қап айта алмаған аға сырын…
Суретің тұр түсірген бал шағында,
Фотограф ол менің – қарашығым.
Сол бейнең сүйеді сан жығылғанда,
Ол күшті сүю деген ұйымнан да
Суретің жанардағы қоса сөнер,
Кірпігім мәңгілікке жұмылғанда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter