Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
174

Маймыл өкпе
Қызуы бар шайдың да,
Кім жүреді «құдағи» деп.
Масайды ма маймыл да,
Міңгірлер ед былай деп:
Бірдей жүрек, қанымыз,
Бірікпейміз қалай біз?!
Ата қусақ – бәріміз,
Шимпанзеден тараймыз.
Айтып-айтпай не керек,
Жақын қымбат жалғанда.
«Мәкең бар» деп кел елеп,
Ара-тұра орманға!
Деме маған: түк тұлғаң,
Кемістік бар әркімде.
Туыстықты ұқтырған,
Рахмет Дарвинге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter