Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  126


Автор: Мерғали Ыбыраев

Жігер

Түсінбей жүр... мені жұрт дейсің налып,
(Білмейсіз асқаныңды қой шыңды анық)
Сен де бір ит байлауға қам қылдың ба?
Жататын шынжырыңда арсыл қағып.
Туғандарға тірліктің дайын ба асы,
Түсінемін... Қынжылған ойыңды ащы.
Жалт беріп жақыныңды қабар бір күн,
Итке жоқ дос пен қастың айырмасы.
Палуан белдескенін жықпас арам,
(Келгенше өзіңді-өзің мықта шамаң).
Айтағыңа ергенмен бір көш бойы,
Ақылыңа ермейді ит қашаннан.
Таппассың кіжінуден асқан пайда,
Көрсет сен төбе қайда, асқар қайда?
Ел білсін есіміңді
Барлық өмір
Сәбиге ат қоюдан басталмай ма?
Жел соғып жұқтыра алмас далаға шаң,
Дәлелде шын мәніңде дана болсаң.
Көрсетпейді қашықтан дидарыңды
Айнаға да жақындап қарамасаң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу