Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
88
Солақай сыншыға
Жүремін кейде жаншылып,
Сенсем де жырға сенудей.
Тағамы тақа таусылып,
Тізімі қалған – «менюдей».
Шоқпар – сын баста ойнайды,
Жүректі жейді – жегідей.
Соққысыз және болмайды,
Келсапсыз қалған – келідей!...
«Тапшым!» - деп – міне, «мұндыны»,
Шап ете қалдың сен кімге?!
Жылатып жазса – шындығы,
Жылаған ақын көрдің бе?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter