Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
313

Белгісіздік
Ағаш – жанады,
Су – суыйды.
Зат – ыдырайды,
Бәрі де түсінікті.
Тек қана:
Сені кім түсініпті?!
Сенің жарығың,
Тастан да өтеді,
Сенің наз үнің ұйқыда жетеді.
Бәрі елес, бәрі елес, бос елең,
Сол елес оятып кетеді.
Сен жоқсың, мәңгілік, мәңгілік,
Мәңгілік?!
Мәңгілік деген сөз жасады әнгүдік.
Шарап та
Ап-ащы у болды,
Өлеңім балдырлы су болды.
Ақыры сен жеттің басқа бір жұлдыздан,
Бірақ сен елессің ұйқыдан тұрғызған.
Аспанда жарығың көлбейді,
Жерде де жарығың сөнбейді.
Көрдім де мен сені – жарықты,
Жарыққа жанарым қарықты.
Рахмет, рахмет соныңа,
Жарығың шындықты танытты.
Сүйесің, сүймейсің белгісіз,
Осылай келесің, осылай кетесің,
Сол үшін рахмет, ... осы да жетеді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter