Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
93
Деректі фильм
Мекендеп: бақа – көлін, балық – суын,
Жолбарыс қалың қамыс жарып нуын.
Ызыңдап жабайы ара гүлге қонып,
Шегіртке шөп басында алып тыным,
Шортандар шоршып ойнап қара суда,
(Қайтесін ол қолдан қазған арық суын),
Пілдер жүр талыстайын тұмсығымен,
Су шашып, сездіргендей алыптығын,
Біреуі қалды арыстан тырнағында,
Еліктер шығып еді өріп бүгін,
Кекжиіп кран-мойын жирафтар жүр,
Білдіріп пальмаларға серіктігін,
Таза ауа таңғы ұйқыдай ләззатты,
Жапырақ күн көзіне қағып күлім,
Сендерден мен өзімді танып тұрмын,
Табиғат, жан-жануар жарықтығым...
Келмейтін құр дәріптеу, құр мақтанға,
Бұл тірлік қымбат тірлік, қымбаттан да.
Селк еттім, аңқау ұлым қасымдағы,
- Жақсы фильм, папа! – деп тіл қатқанда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter