Өлеңдер ✍️
Сырықша тура түскен жарық сынар...
Сырықша тура түскен жарық сынар,
Байлықты буалдырдан алып шығар,
Күніне көрінбесті іздеп тапқан,
Әулие, әулие ғой балықшылар.
Зулаған құйрық шаншып тағы аңдай боп,
Болар деп болашақта маған бейнет,
Жатамыз кей күндері желдеп кеткен,
Түйедей атымызды таба алмай кеп.
Ал енді басын бір ой биледі ме,
Қарамай күндіз-түні сүйгеніне,
Табады Алакөлдің балықшысы,
Тереңге батып кеткен инені де.
Қашан да қақ жаратын қара қылды,
Үлкеннің сөзін естіп тағы әмірлі.
Қақ жарып қайығымен Алакөлді,
Берікбол келеді іздеп ақ амурды.
Жанына өмір жағып, жағып бұл ай,
Қаңқылдап қайық көрсе қалып та ұдай,
Жүгірген толқындардың ортасында,
Жүр құстар батып-шығып қалтқыдай.
Айтатын құндылығын жатқа ғалым,
Бұл күнде жақын түгіл жатқа мәлім.
Бір түрін шағаланың әлемде жоқ,
Айтқан жөн Алакөлдің сақтағанын.
Жүйткіген дөңнен-дөңге дөнендейін,
Көлік қой көлге мінер ол ең бейім.
Зуласа қызыл қайық моторы бар,
Толқындар теріс ағып, жөнер кейін.
Жұқпайтын Алакөлдің бұл суына,
Жалтылдап жақтауында бір шұғыла,
Байлықтың бағытының компасындай,
Берікбол қайығының тұмсығы да,
Ақ бауыр, тұрқы да ұзын, етті де ірі,
Қуырса тойғызатын көпті бірі,
Берікбол қызыл қайық ұшыртумен,
Ақ амур жүрер жерге жетті, міне.
Ақшамда толқындары ай аунатқан,
Азанда аймалайтын аяулы ақ таң.
Ақ амур өрісіне жете беріп,
Қайығын қара жігіт баяулатқан.
Көрмеген шала жасап бір істі әлі,
Берікбол тор салуға кірісті, әне.
Уақа емес мұндай кезде жаурағаны,
Немесе жауырыны құрысқаны.
Қайықтың табанынан алып, міне,
Зәкірді қатар-қатар қалтқылы
Толқынға тор лақтырды топырлатып,
Айдынның ақылды да, алып та ұлы.
Шыжымы үзілмейтін берік, торғын,
Болғасын керегесін керіп тордың,
Өз ісін ой-електен өткізетін,
Қашаннан әдеті бар Берікболдың.
Қайығы, мүсіні де, келбеті де,
Түсіп ап айнадайын көл бетіне,
Ақырын Алакөлге көз тастады,
Толқынның әлдиімен тербетіле.
Оқ еткен садағына жаңа шиді ап,
Ат қылған көк шыбықты қара сирақ
Баласы балықшылар ауылының,
Өседі жақсы ибамен аға сыйлап.
Өседі үлкендерді «аға, аға» деп,
Жалықпай жолын тосып жағаға кеп.
Айбынды Алакөлден оралатын,
Үлгі еді үлкен біткен балаға көп.
Ескекті қолға ұстаса-ақ күрең сапты,
Тосардай оны сапар кілең сәтті.
Өлең-баяндар Бесінші бөлім 285
Берікбол бала кезден аңсаушы еді,
Бір қайық бәсіре қып мінер шақты.
Боқмұрын балаларға ол да кілең,
Деп жүрген:
«моторы бар жорға мінем».
Асқар тау апай төс ер көрінеді,
Өспірім, өзі де жас болғанымен.
Аналар осындай-ақ бала тілер,
Отауын озаттықтың дара тігер.
Телегей тереңінен сары үйірін,
Сазанның жаза баспай табатын ер.
Дейсіз бе бар жеткені сол-ақ па әлі...
Көпке тән көлдегі ердің о мақтаны?
Жо-жо-жоқ, Ұялының Берікболы,
Таңдаулы балықшы жас Одақтағы.
Ол жайлы Ұялыға бара сұра,
Көлдегі көп құрдастан бақ асыра,
Балғын жас балықшылар слеті өткен,
Барған ол Мурманск қаласына.
Жас озат үйде туып, өскен көлде,
Слетте
сырдың теңін шешкенде елге,
Асықпай сұхбаттасқан айдын жайлы,
Орыстар, литван, чукча, эстонмен де.
Алакөл кербез және керім де аймақ,
Қарсы алса толқындарын көңілді айдап.
Келген-ді әріптеспен барлық сонау,
Сырттай-ақ жарысуға белін байлап.
Ұлының бәсекесін біліп алмай,
Көрсетсін көркем өнер күні қандай.
Айдында қызыл қайық аңыратып,
Келеді күндіз-түні тыным алмай.
Межесі, мақсаты бар алда тұрған,
Тағы да талапты жас таңды атырған.
Асығып анау жаққа келе жатыр,
Кергілеп кеше кешке ау батырған.
Аспанға сәл кешіксе ілінетін,
Асығыс табиғаттың күні де тым.
Қайығы жаңылғандай шабысынан,
Тұлпарша тұнық көлмен жүгіретін.
– Кәнеки, тор тартуға қамдан, інім,
Екеуіміз жеткізбейік жанға бүгін –
Берікбол Биболға көз адырайтты,
Баласы екеуі де Сабдалының.
Көрсеткен көп теңдеске талай үлгі,
Қос жігіт бір звено ағайынды.
Тор тартып тұңғиықтан балықтарды,
Түптегі үйірінен тағы айырды.
Ау тартып екі бірдей ер кезекпен,
Жарысып өздеріндей елгезекпен.
Қайыққа ақ амурды топырлатты,
Ілінген қанаты мен желбезектен.
Ту өскен тарпаң балық – көл құланы,
Көбейіп қайық түбін бомбылады.
Сабайды құйрығымен шоршып қарғып,
Батырды, қардан соғып қолды дағы.
Ғажайып ақ бауырлы түсі, реңі,
Кей кезде жақындамай кісіге елі.
Қайықтан шоршығанда қақпашыдай,
Қағып қап Бибол қайта түсіреді.
Тас, темір болу керек мына тұлғаң,
Тор тартсаң қозы көшке шұбатылған.
Тұрғанда толқын шайқап қайығыңды,
Арсылдап бірінен соң бірі атылған.
Секіріп, тулап,
шоршып ыршып та алға,
Туламай қайық іші тыншыққанда,
Тор жинап, моторына от алдырды,
Ағалы-інілі ерлер күн шыққанда.
Өлең-баяндар Бесінші бөлім 287
О, олар көріп жүр ме тегін бейнет,
Айтады ел, ардақтайды ерім ғой деп.
Алдынан қос жігіттің самал есті,
Баянды бақытының деміндей боп.
Осылай жанға жағып жол шеккені,
Артта қап аулар тұрған көл шептері.
Ауылға асығады екі жігіт,
Балығын бүгін жиған көрсеткелі.
«Қазыққа қайық байлап мінген қандай,
Көлменен көсемсітіп жүрген қандай»,
Осылай Бибол әуен салған кезде,
Берікбол іні жүзін күлген барлай.
«Жүрсек те бақытымыз жетердей боп,
Жүрміз-ау көл әуенін көтермей көп, –
Берікбол осы жолы ойға батқан, –
Көлге де сері керек екен ғой», – деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter