Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
111
ӘЙЕЛГЕ
Туған жерім емес еді көл менің,
Бақа емеспін, емеспін мен балық та.
Күнде бірақ адам құсап шөлдедім,
Бас қойғам жоқ бірақ лай арыққа.
Қайнар көрсем тізерледім, бүгілдім,
Мөлдір суға кеніш еді құтты іргем.
Шай да іштім мен, шұбат, қымыз сімірдім,
Шөлдегенде салқын сүт те жұттым мен.
Төңкерілді сансыз зерен, сан шара,
Шәрбаты бар теріскейдің, күнгейдің.
Білмеймін мен сусын іштім қаншама,
Қанша қызбен айқаластым білмеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter