Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.06.2022
133
Жұмақ, жұмақ... жақындаман бір елі...
Жұмақ, жұмақ... жақындаман бір елі,
Бар дейсің бе қор қызының жүрегі.
Жұмақ деген тірлікте де бар нәрсе,
Оған өңшең жағымпаздар кіреді.
Қулар мақсат қуа ала ма өрелі,
Тек әлемнен қызық қана көреді.
Жағымпаздық әлсіз, мисыз құлдардың,
Рим жақта ойлап тапқан өнері.
Оданы да ойлап тапқан жыр жазып,
Плебейлер табу үшін түрлі азық.
Спартакты бақытсыз құл дей алман,
Бақытсыздар – Молотов пен Жданов.
Күн көрсетер кім мейірімді, кім мықты,
Би деп жақсы көремін мен тірлікті.
Ал сен болсаң жақсылық деп ұғасың,
Мың иіліп-бүгілетін құлдықты.
Қор болады құл қылған ел бар ұлын,
Бор қылады жігері мен дарынын.
...Бұған дейін Жауым емес, елім ең,
Құл ешкімді сүйе алмайды, жарығым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter