Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  130


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Дабысын дау-дамай өсірген...

Дабысын дау-дамай өсірген,
Ұрланған аттай боп жүр міні.
Қол жетпес еңліктер өсірген,
Көгілдір маңайдың тұрғыны.
Ол бірақ өзенше гүрлемес,
Дыбыс та шығармас таяуда.
Ол жақта Есенин үлгі емес,
Үлгі емес қызылбас Хаям да.
Мұңдардың қойшысы бұл түрмен,
Мүмкін бе таласып жеңбеуі?
Қағазға қарайып, іркілген,
Көз жасын су деген пендені?
Одан зор рақат таппаған,
Қақ-соқсыз, аса бай жан міні


Намыста қазына сақтаған,
Халықтық рухтың сандығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу