Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2022
126
Өлең жазшы...
Өлең жазшы, қаламым
Қалайын бір жетіліп.
Жадырасын қабағым
Алайын бір бекініп.
Қалайыншы сауығып
Дерттен бойды жайлаған.
Жүрген кілең мауығып
Жын-жыпырлар айналам.
Жынға толды айналам
Ісі тайғақ, серті жоқ.
Артпақ бұлай қай бағам
Көкіректің дерті көп.
Айығайын бәрінен
Оңашаға қашайын.
Түскен әрбір әріп – ем
Жазып көңілім басайын.
Өлең жазшы, қаламым
Жас балаша, шимайлап.
Жеңілдесін азабым
Өзгеше бір күйді ойлат.
Табысайын күніммен
Періштедей күнәсіз.
Ләззат тауып бүгіннен
Қарайын бір шүбәсіз.
Күлсін әлем жетілген
Кімге, не бар кектеніп?
Сүйсін шалдар бетімнен
«Біздің бала» деп келіп.
Сәл нәрсеге өкпелеп
Жүрегімді жүктемей.
Өткен күннен көп дерек
Енді соны діттегей.
Өлең жазшы, қаламым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter