Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  120


Автор: Зәкіржан Қалкенбаев

Қошобада туған қыз

Қошобада туған қыз, көріктім-ау
Бақытым боп бағыма жолықтың-ау.
Махаббаттан ұлық жоқ дүниеде
Мен өзіңді көргенде соны ұқтым-ау.
Қошобода туған қыз көркем едің
Ұйқы бермей талай түн өртеп едің.
Өмір атты айдында алып жүзер
Үмітімнің бір өзің желкені едің.
Қошобаның сылаған ақ самалы
Жалғыз дәні жұмақтың бақшадағы.
Кірпіктерің сүйеп ап қолтығымнан
Іздегенін жанымның тапса кәні.


Табиғаттың еміп ап бар асылын
Толықсиды бойыңда жарасымың.
Құлазыған көңілді көктем еттің
Өзіме ашып жүректің дара сырын.
Ұмытсақ та тірліктің көп үрдісін,
Махаббатқа ұрпақтар сеніп жүрсін.
Адал жүрек, қылаусыз мінезіңмен
Қошобада туған қыз – сен үлгісің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу