Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2022
219
ДОМБЫРА
Жұмыр түбі – жер шарының кескін келбет белгісі,
Шертер шанақ – керіліп жатқан берекелі далам бұл,
Пернелері – өр сатыдай өрге шыққан ер кісі
Ішектері – шертілгенде бұлбұл үндес ғалам бұл.
Тиектері –- биік белес сырға толы қияқты,
Құлақтары –- азат ойдың түйіндері тұяқты,
-Өмір жолың болсын – деген, – шуақты
Тілек айтқан, маған ғана қос қариям сияқты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter