Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2022
346
ҚЫЗ ЖІБЕК ПЕН ТӨЛЕГЕНІ ҚАЗАҚТЫҢ
Экранда көрген ғашық бейнесін,
Махабаттың ұлы күші жандауам.
Қыз Жібек пен Төлегенді сомдаған,
Ұлы өнерге басымды иіп таңданам.
Пәк сезімді сиқырымен арбаған,
Махаббат па алға өмірді жалғаған?
Табындырған тамсандырып өнерге,
Шын көңілден берер ұлы бар бағам.
Айтсам енді шын сөзімді өзімнің,
Меруерт – Құман қос аққуы сезімнің.
Махабатты қастерлеген шынайы,
Мен солардан пәктік нұрын сезіндім.
Өнерлерің биіктерге өрлесін,
Жандарыңыз еш жамандық көрмесін.
Қыз Жібек пен Төлегендей жарасып,
Махаттатың алып күші тербесін.
Биік өнер, шеберлікпен толайым,
Аға ұрпақтың тамсандырған талайын.
Қыз Жібек пен Төлегені қазақтың,
Тірі міне, алдарыңда ағайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter