Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  143


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ӨЗІҢ ДЕП...

Өзің деп
бұл күндерде көңіл алаң,
Сендік ұлы сезімге күйіп-жанам.
Бір сүйіп, ақ төсіңді аймаласам,
Шабытыма өлшеусіз қуат алам.
Көркейтіп
көңіліме сән бере шын,
Өміріме өлшеусіз нәр бересің.
Өзіңмен бірге болсам қорықпаймын,
Тұрса да алдымызда әлдене сын.
Түсінер деп
өзіңе жаздым мұны,
Ұқсаң осы мендегі жүрек мұңы.
Махаббатсыз бос өткен күннің бәрі,
Мен үшін бес тиындық болмас құны.
Отырғам жоқ
басыңды айналдырып,
Екі ауыз сөз шатпақтап ойдан құрып.
Мен қайтейін, қойған соң пәк сезімім,
Өзің жайлы күн-түні ойландырып.
Арманым ең


бір өзің жарға балар,
Дертке дауа, жаныма шипа болар.
Түсіне білген жақсы пәк сезімді,
Боқ дүние бізден де ақыр қалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу