Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2022
128
МЕН ДЕЛҚҰЛЫМЫН
Мен делқұлымын
көргелі сені жаным,
Жүрегім өрт,
шалқиды сезім жалын.
Білемін биіктесің қолым жетпес,
Сеземін амалсыздан қайнап қаным.
Қайда жүрдің көрінбей сен көзіме?
Мен көргеннен
ғашықпын тек өзіңе!
Сенсең сен,
сенбесең де өз еркіңде,
Жүректен қайнап шыққан бұл сөзіме.
Сенсіз жаным
бұлыңғыр өмір маған,
Жеткізіп айта аламын қалай саған?
Мөлдіреп еліктейін қарағанда,
Алдамас сезіміме шын-ақ жанам.
Білемін,
ұнатасың мені сен де,
Алдамшы көңіліңе тіпті сенбе!
Сезімді қастерлесең ашығын айт,
Тағдырдың жазмышына тура көн де.
Кетейікші
бұл жерден алысқа ұзап,
Сапар шегіп,
көз көрмес елге ұзақ.
Салған соң амал бар ма бұл тағдырға,
Жүрекке қыл бұраулы сезім тұзақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter