Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  149


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

СЕЗІМ ЖЫР

(Төлеген Айбергеновке)


Төлеген аға!
Жырыңды оқып,
өзіңдей мен де жалындап,
Жыр жазсам деп ем
Тайбуырыл текті арындап.
Сезімге өрген
Қуатың мені
Тартады терең иірімге,
Көлгірсу емес бұным,
Алдыңда аға арым ақ!
Өлеңдерің маған
Етене жақын
өртене жазған сезіммен.
Сіз болу қайда?
Болу да келмес қолымнан.
Ұқсасам онда,
Бейшаралық мына өзімнен.
Өлеңдеріңді
оқыған сайын
қолыма алып қайталап,
Жазсам деп өлең
Туады менде ой-талап.
Көкжиегі көрінбес
Көгілдір сонау теңіздей,
Сезімің қандай,
Ойларың қандай байтақ-ақ!
Сағыныш жайлы
Жазар ең тіпті беріліп,
Болмысың содан
Тұрады жарқын көрініп.
Кәусар бұлақтың
Суына бас қойғандай,
Мейірім қанып,
Құмарттым аға,
Көрген де емен жерініп.
Өзіңді мен де
Сағындым аға,
Бейнеңді көрем өлеңнен.
Сол демеу маған
Жырыңды жаттап келем мен.
Оқыған сайын
Жаңа бір қиял туындар,
Сезіммен жазған


Толғаған жырың тереңнен.
Сағыныш деген
Құштарлық пенен іңкәрлік,
Ұлы өмір
Тұрмайды тек нала, мұңнан.
Дүниеге
шексіз мынау сағыныштан,
Төгілген
Сезім жыры қаламыңнан.
Өзің едің,
Шың басында
Қырандай қалықтаған,
Ақиық
Түлеп ұшқан Аралымнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу