Өлеңдер ✍️
САЛТ-ДӘСТҮРІ ЕЛІМНІҢ
Шектен шықпа, досым-ау, елден безбе,
Өзіңе елің сеніп сөз бергенде.
Өз еліңнің мұрасын қастерлей біл,
Көзіңді сала берме кез келгенге.
Бұл дегенің нақ өзі әліппенің,
Өте қате болады кәдік деуің.
Өзге жұрттың дәстүрін не қыласың,
Өз еліңнің дәстүрін дәріптегін.
Демеймін өзге елдің ығына жүр,
Демеймін өз еліңнен шығына жүр.
Қазақ болып келген соң дүниеге,
Өз еліңнің дәстүрін ұғына біл.
Жөн болады салт-дәстүрді мақтағаның,
Мәнісін білмей тұрып таптамағын.
Ұрпағың елін, тегін танып өссін,
Жөн болар салт-дәстүрді сақтағаның.
Сен шырқа қазақ болып жыр-әнімді,
Ылайлама, қастерле бұлағыңды.
Мына бізге салт-дәстүрді бабаларым,
Білсеңіз, зор сеніммен мұра қылды.
Қамды көп ойламасын қара басың,
Өз әлін әркім енді шамаласын.
Ұрпаққа үлгі етейік мәнін ұғып,
Бабалар бізге сенген аманатын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter