Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  128


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

ЕСІЛ

Қуанам, айтайын неге мұң,
Табылар өзіңнен керегім.
Жайқалтқан арқаның терегін,
Есілім – кәусарым-өзенім.
Жағаңда бой жазып балқиын,
Сен жайлы жыр жазып шалқиын.
Айдында әп-әсем тізілген
Қазыңдай қаңқылдап, қалқиын.
Осындай өлеңде шалымым,
Жырымда осындай жалыным.
Шабағың күмістей шолп еткен
Өзіңде мол еді балығың.
Есілім, өзенім, Есілім,
Тербете бер толқын-бесігін.
Ақын ұл саған жыр арнады,
Жыр жазу болған соң кәсібім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу