Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
212
![](/uploads/shorttexts/author_image/50a545e81e9d6e0c64a36290f0e28bd4.jpg)
Желтоқсанда қар ғайып боп, жер гүлдеп...
Желтоқсанда қар ғайып боп, жер гүлдеп,
Таңданыстан жатқандай-ақ ел гулеп.
Қашқан күлкім езуіме қайта кеп,
Атпай-шаппай болғандаймын мен бір бек.
Қалмағандай өміріме өкпе бір,
Соны айтқандай жерде – адамзат, көкте – нұр.
Желке жапқан қара шашым шаш емес,
Жаға болып шыға келді көк темір.
Көп соққыдан басқа нәрсе тиіп пе,
Күл дорбадай толы еді ғой күйікке
Қайран басым, кетіп қалды бір демде,
Құдайдың да қолы жетпес биікке!
Жұрттың бәрі үн қатады әзілдей,
Сенен бұйрық алған көсем уәзірдей.
...Қара шашың көрінеді көзіме,
Жақсылықтың патшасының тәжіндей.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇