Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  160


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Көктегі елдің абыройын төкпеңіз...

«Көктегі елдің абыройын төкпеңіз,
Бар ма десе, жоқ болса да көп!» -деңіз.
Осы ақылды ешкім айтпай жаттадым,
Өтірікке жүйрік болсақ, сөкпеңіз.
Төктік, төктік, керегі тек ода ма?
Одада жоқ жосық түгіл, жоба да.
Өтірікті көп айтқандар бәйге алды,
Шындықты айттық қарап тұрып молаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу