Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  104


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара...

Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара,
Құшағым менің, ерлігін жердің қайтала.
Торғайды атып, топырағына тигізген,
Беймергендердің берекесіздігін де байқама!
Күледі ел маған, «Күледі жақсы соң күлген»,
Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен.
Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның,
Археологы да, геологы да болдым мен.
Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр,
(Шарапатың мені де келіп шарпығыр).
Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп,
Сені іздеп жүрмін, сері мінезді алтын ұл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу