Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
127
Қадырым қашты. Шер құштым. Шет қақпай көрдім...
Қадырым қашты. Шер құштым. Шет қақпай көрдім,
Кешілмесімді келмейді тақпақтай бергім.
«Үріп ауызға салғандай». Оны айтар. Менше:
«Үп десең, ұшып кететін бақбақтай», -дер кім?
Қылышқа мойын ұсынып, қазыны күткен,
Наз үні біткен, бейбақпын әзілі біткен.
Мәжнүндіктен имеп ем басымды саған,
Бақытсыз болып кеттім мен мәжнүндіктен.
«Ұйқасты сөзге батты да сорлады ерің,
Деміме қосар сәтті ойлап ол-дағы демін.
Бақытсыз болды, жазығы – байғұстың беті,
Жеңімпаз беттей сәл қалың болмады», – дегін.
Онсыз да барлық қылығың жазылды миға,
Сүймесең, қорлап, санама сазыңды құйма.
...Ниеті түзу құлыңды тірідей көмбе,
Қай иыққа артсаң да тәжіңді бұйра.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter