Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  120


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Анасынан туа асқар...

Анасынан туа асқар,
Абыройдай көрікті,
Торыдайын жуас та,
Тобылғыдай берік-ті.
Арбап, шағып, аздырды,
Жылан ауыз кіл ездер.
Жанасқанын жаз қылды,
Жасыл бояу мінезді ер.
Әуен тоқып күн көрдің,
Әлпеш көрдің түсіңде.
Еңбегіндей гүлдердің,
Еленбеді ісің де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу