Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  175


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҚАЛАМПЫРҒА

Жер ылғал, алдымда жол, төбемде нұр,
Қоштассам, енді қайтып көрем бе бір?
Алдымнан аңқып шыққан көк көзділер,
Кәнеки, үйіріңмен өлеңге кір.
Жолы бар тұрудың да мұншама аңқып,
Сезбесін ана тұрған шыршалар түк.
Гүл тәжі шүпірлеген шөпжелкелер,
Жерлер бар гербарийден мың сан артық.
Шөлдетер мектептегі мүйіс те шын,
Ертеңнің мал-жаны да тиіспесін.
Кәнеки, өлеңге кір, докторлықтан,
Дәмесі бар балалар иіскесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу