Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
118
Ондай ару Алла келіп санаса аз....
Ондай ару Алла келіп санаса аз,
Көрген жанның күйдіреді отша ішін.
Әкесі – эпос, шешесі оның – жаңа саз,
Адал елдің арманының жоқшысы.
Мамыр мінез көк аршадай сүйегі,
Көктемгі әнді сүйетіні тағы рас.
Бірер сәтке көзіменен киелі,
Әлпештелген бейбақ көңіл әлі мас.
Тәңір берсе сол тілегін пенденің,
Шақырымнан жүрмін оны жиі өбіп.
...Лиро-эпос заманынан келгенін,
Жасырады шынтағына сүйеніп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter