Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  102


Автор: Жұматай Жақыпбаев

АРАСАН

Киелі қаһарының балшығы да,
Шипалы құяң менен шаншуыңа.
Бұлағы Арасанның Ойсаздағы
Құяды зуылдаған қар суына.
Жағаның таппай жүріп ел құрағын,
Көзімен ұзатады сел бұлағын –
Көк талды арқыраған Шажа өзенге,
Сіңгенде бір бүйірден мөлдір ағын.
Біледі, біледі ғой бәрі даңқын,
Тапқандай үймелейтін халық алтын.
Суында шикі піскен жұмыртқаның,
Ауыздан кетпейтұғын дәмі бар-тын.
Сіңумен тарпаң суға құты, дәмі,
Арасан Шажаға кеп жұтылады.
Шажаға балдай батып, судай сіңіп,
Жоғалып кішкентай су ұтылады.
Біреуі қара барқын жерге керек,
Бірінің қажеті бар елге бөлек.
Арасан асқар таудан бері келсе,
Алыста жатып біз де емделер ек.
Біз емес құбыр тартып, пайда қылар,
Жай да жоқ отыруға айла қылар.
Намысың – ғажап бұлақ жағалауы,
Жарисың – басында өшпес қайнары бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу