Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
120
ҒҰНСТАН – КОЛЕЙДОСКОП
Дахлияның суы ащы, шұбаты балдай,
Жорыққа мінсең жалтарғыш құр аты қандай.
Қылышы өткір ұлыстың қызы да өткір,
Сүймейді сені алдымен жылатып алмай.
Абағы балық, аулары суларда қалып,
Жиналған кезде жырауын тыңдауға халық.
Айдары таудан құлаған көкпаршылардай,
Сайрандап, шіркін, келсек қой Жужанға барып.
Қыдырып, қырға дарыпты Қыдыр Ту бәрі,
Көрмек пен білмек ол жақта ғұмырдың мәні.
Кітаби сурет секілді Қызылбас салған,
Дешті қыпшақтың, пай-пай-пай, гүлі ырғын бағы.
Көңілі болса көктемдік күнгейдің гүлі,
Алмату жақта дулулар білмейді бірі.
Алтанхан қызын беретін жүрсін деп тыныш,
Оқымыстылар оларда ғұн дейді мұны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter