Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  163


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ХАНЗАДА

Адамды адам неге сүйемесін,
Адамға ақ бесікте тиеді есім.
Жалғаннан жас басыңмен баз кешердей,
Жазығың жоқ еді ғой күйелешім.
Күйелі кешегісі, ертеңі – нөл,
Жайың жоқ жайтаң қағып ерке күлер.
Күйелеш ханым бекер айтылмаған,
Дегенмен соңы нұрлы ертегілер.
Қош айтып жақсылыққа, күлкіге әбден,
Айрылып қалуың хақ бір күні әннен.
Зымыстан өгей шеше
Тағдырың да
Кейпімен келуі де мүмкін әбден.
Қысқа өмір қамшы сабы келте күнде,
Әлемге мейірімді бол, ерке күл де.
Ертегі бізді таққа отырғызған,
Өмір сүр сондықтан да ертегіңде.
Сорлатса өгей шеше – сорлау да ерек,
Тәж сенің-ақ басыңа қонды-ау бөлек.
Шегі жоқ зұлымдықтың, олай болса,
Шегі де жақсылықтың болмау керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу