06.06.2022
  513


Автор: Ескен Елубаев

ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ ҚАНША?

Үйiмiзде тауық көп.
Үйрек,
Қаз да жетедi.
Жұмыртқа олар тауып көп,
Бiздi қарық етедi.
Бəрiн жинап аламыз,
Аралап шөп, қораны.
Ыдысқа əкеп саламыз,
Бiр табақтай болады.
Бүгiн де бос тұрмадық,
Жұмыртқалар жинадық...
Тоғыз тауық туыпты,
Тумапты тек төртеуi.
Сегiз үйрек туыпты.
Тумай қапты жетеуi.
Туыпты үш қаз ғана,
Бесеуi оның тумаған.
Жұмыртқасы аз ғана.
Бiздер келiп жинаған.
Ал, санашы бiлмекке,
Жидық неше жұмыртқа?
Бəрi қанша
Үйрек те,
Тауық,
Қазды ұмытпа.
Үйiмiзде ұстайтын
Қанша.
Құстың баршасы?
Жұмыртқа туған қаншасы?
Тумағандар қаншасы?
(20 жұмыртқа жинаған,
13 тауық, 15 үйрек, 8 қаз.
Барлығы 36 құс. Тумағандары 16 құс)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу